Мемлекет тарапынан мұғалімдерге жан-жақты қолдау шараларын жүргізгенмен, мектептер үшін мемлекеттік аттестаттау мұғалімдердің мәртебесін көтереді деп ойламаймын. Себебі, мемлекеттік аттестаттау мұғалімдерге қосымша жұмыс жүктейді. Мұғалімнің оқушылармен жұмыс жасауда кедергі келтіреді, сабаққа сапалы дайындалуына мүмкіндік бермейді. Мектептердің мемлекеттік аттестаттаудан өте алмауы мұғалімдердің мәртебесін күрт өзгертеді. Сондықтан, біздің ұжым білім беру ұйымдарын, соның ішінде мектептердің аттесттауын басқа жолдарын қарастыру керек деп пікірлерін айтып отыр.
Оқу ісінің меңгерушісі Садыкова Қ.А.